«Nur Otan» қолдауымен былтыр үйі өртеніп кеткен 42 отбасы баспаналы болады

«Nur Otan» қолдауымен былтыр үйі өртеніп кеткен 42 отбасы баспаналы болады

«Nur Otan» қолдауымен былтыр үйі өртеніп кеткен 42 отбасы баспаналы болады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласында былтырғы маусым айында үйлері өртенген Водопьянов көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында жазды.   width= «Бұл – бір жыл ішіндегі үшінші кездесуіміз. Тұрғындарды алдағы қоныс тойларымен құттықтадым. Жаңа тұрғын үй салу мәселесі жыл бойы партияның ерекше бақылауында болды», – деп жазды Б.Байбек. «Nur Otan» депутаттарының қолдауымен 5 қабатты үйді салуға және инженерлік желілерді тартуға жергілікті бюджеттен 550 млн теңге бөлінген. Жұмыстың сапасы мен мерзімінің сақталуын партиялық бақылау комиссиясы қадағалапты.  width= «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтің айтуынша, алдыңғы сапарда уәде етілген 42 отбасы осы қараша айында құқық белгілейтін құжаттарын қолдарына алып, жаңа пәтерлерге қоныстана алады. Осы сәтті пайдалана отырып, қиындыққа тап болғандарға қол ұшын созып, уақытша баспанамен, киім-кешекпен және барлық керек-жарағымен қамтамасыз еткен барша партияластар мен ақжүрек азаматтарға алғыс білдіремін», – деп жазды Б.Байбек.