Полицей қызметкерлері үйлену тойына жиналған қауымды таратып жіберді

Ақтөбе қаласында үйлену тойын өткізгендер анықталып, полиция той қонақтарын таратып жіберді.

Ақтөбе қаласы Заречный-2 елдімекеніндегі мейрамханалардың бірінде үйлену тойы тоқтатылды. 17 қазан күні рейд кезінде учаскелік полиция инспекторлары Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулысының талаптары бұзылғанын анықтады. Мейрамханада 60 адамға арналған үйлену тойы өткізілген.

«Мейрамхананың күзетшісі учаскелік полиция қызметкерлеріне бағынбады. Ол ӘҚБтК-нің «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшісінің, әскери полиция органының, сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бабы бойынша жауапқа тартылды. Ал мейрамхана иесіне ӘҚБтК-нің «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша материал жиналып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Ақтөбе қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Back to top button