Елордада «Елбасы кубогі» республикалық турнирі басталды

20 қазан, 2020 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Елордада «Елбасы кубогі» республикалық турнирі басталды Елордадағы «Қазанат» ипподромында бәйге түрлерінен «Елбасы кубогі» республикалық турнирі басталды.  Бұл шараға мұрындық болғандар – Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық шабандоз бақ сынамақ. Турнир бағдарламасында бәйгенің 4 түрі өтеді: Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.