«Қоғам кемелдігінің үздік үлгісі». Бауыржан Байбек Мақтааралға барды

Сондай-ақ!

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Túrkistan.kz   ІІМ сілтеме жасап. Бұрын сотты болған 60 жастағы М.есімді алаяқ әйел...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің аймақтарға сапары осы аптада Оңтүстік өңірде жалғасты. Ол алдымен ат басын Түркістанға тіреді.

«Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осыдан екі жыл бұрын Түркістанды жаңғырту туралы қабылдаған шешімі еліміз үшін үлкен тарихи оқиға болды. Түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі – киелі көне қала жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін алып құрылыс алаңына айналды. Қысқа мерзім ішінде түлеп, адам танымастай болып өзгерді.

«Қоғам кемелдігінің үздік үлгісі». Бауыржан Байбек Мақтааралға барды

Таяуда ғана қаладағы жаңа нысандарды аралаған кезінде Елбасы айтқандай, «Түркістанның ауқымды құрылысы тұтас өңірдің экономикалық дамуына зор септігін тигізіп отыр». Сондай-ақ, ол тұрғындардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасаудың маңыздылығын да атап көрсетті. Бұл тапсырма партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты», – деп жазды Б.Байбек Facebook желісіндегі парақшасында.

«Қоғам кемелдігінің үздік үлгісі». Бауыржан Байбек Мақтааралға барды

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Түркістан облысына сапар барысында жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге «Nur Otan» партиясының өңірлік және қалалық сайлауалды бағдарламаларының жобаларын талқылады.

Оның айтуынша, облыс тұрғындарынан 560-тан астам ұсыныс түскен. Оның ішінде ауыл шаруашылығын, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу және абаттандыру, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру мәселелері бар. Барлық өтініш зерделеніп, бағдарламаны пысықтау кезінде ескеріледі.

«Қоғам кемелдігінің үздік үлгісі». Бауыржан Байбек Мақтааралға барды

Бауыржан Байбек бұдан соң биыл мамыр айында су басудан зардап шеккен Мақтаарал ауданына арнайы барды.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры Достық ауылының тұрғындарына арнап 20 үй салуға 340 миллион теңге бөлген еді. Партия филиалының басшысы, облыс әкімі Ө.Шөкеевпен бірге Мырзакент кентіндегі жаңа қоныстанушыларды баспаналарымен құттықтадық. Енді бұлар – саманнан емес, газоблоктан салынған көлемі 100 шаршы метрлік 4 бөлмелі үйлер. Сондай-ақ, қор қаржыландыруымен Фирдоуси ауылының тұрғындарына арнап салынып жатқан тағы 12 үйдің құрылысы қараша айының басында аяқталады.

«Қоғам кемелдігінің үздік үлгісі». Бауыржан Байбек Мақтааралға барды

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың үндеуіне қолдау білдіріп, мақтааралдықтарға 1000 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен құрылыс материалдарын жіберген барша партия мүшелеріне алғысымды білдіремін. Жігерлі жастарымыз бен белсенді волонтерларымызға ерекше рақмет! Су басқан өңірде 500 жасотандық бөгеттер көтеруге, азық-түлік жеткізуге және басқа шаруаларға тікелей көмектесті.

Қиын-қыстау кезеңде бір біріне қол ұшын беріп, қолдау көрсету – биік азаматтық пен жауапкершіліктің, қоғам кемелдігінің үздік үлгісі!», – деді Б.Байбек.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...