Túrkistan қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Túrkistan қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Túrkistan қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды
ашық дереккөзі
Túrkistan халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай, бас редактордың орынбасары Бейбіт Тоқтарбай және тілші Анар Лепесова Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша «Халық алғысы» мерекелік медалімен наградталды.   «Халық алғысы» медалімен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, пандемиямен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады. Медальмен наградтауға ұсыныстарды Мемлекет басшысына ҚР Парламентінің палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді. Медальды Қазақстан Республикасының Президенті немесе Мемлекет басшысы атынан уәкілеттік алған өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.