Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркеліп, карантин режимі енгізілді

Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркеліп, карантин режимі енгізілді

Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркеліп, карантин режимі енгізілді
ашық дереккөзі
ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Бесқарағай ауданының Баскөл ауылындағы төрт жеке шаруашылықта бірнеше құс (қаз) қырылған. Ветеринарлық қызмет мамандары патологиялық материалдан сынамалар алып, Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринарлық зертханаға жеткізді. Зерттеу нәтижелері бойынша жоғары патогенді құс тұмауы анықталған. «Құс өлекселері арнайы белгіленген жерде өртеліп жойылды. Баскөл ауылдық округі әкімінің №11 қаулысы шығып, 21 тәулікке карантин режимі енгізілді. Қаулыға сәйкес елдімекендерден шығуға, құс өнімдерін экспорттауға шектеу қойылды»,  – делінген хабарламада. Айта кетейік, жалпы Бесқарағай ауданында 25800 құс тіркелсе, оның 1245-і Баскөл ауылында. Онда құстарға вакцина салынған.