Әкімдік грантын алған студенттің шәкіртақы мәселесі шешілді

Әкімдік грантын алған студенттің шәкіртақы мәселесі шешілді

Әкімдік грантын алған студенттің шәкіртақы мәселесі шешілді
ашық дереккөзі
«Болашақ» аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне студент Д. whatsapp арқылы шәкіртақыны белгіленген мерзімде төлемеу мәселесі бойынша арызымен жүгінді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Нәзилә Раззақ фейсбуктегі парақшасында жазды.  Арызданушы М.Қозыбаев атындағы СҚУ ҰАҚ үшінші курсында оқиды. «2019 жылы облыс әкімінің гранты бойынша оқуға түскен. Үш жақты шартқа сәйкес оқу ақысын төлеумен қатар, СҚО әкімдігі шәкіртақы да төлеуі тиіс болған. Алайда, биыл қыркүйек айының соңында ол шәкіртақы алған жоқ. Бірнеше рет ол жұмыстың осы бағытына жауап беретін университеттің құрылымдық бөлімшесіне жүгінген, бірақ мардымды жауап ала алмаған. Соған байланысты «Болашақ» филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген. «Болашақ» аумақтық филиалының аппараты СҚО Білім басқармасымен байланысқа шығып, бұл студент шын мәнінде СҚО әкімі грантының иегері болып табылатынын және міндетті түрде стипендия алуға тиіс екенін растады. Оның оқуы мен шәкіртақы төлемдері үшін ақшалай қаражат ЖОО-ға аударылған. Партия мүшелері өтініш берушіге шәкіртақы төленбеу себептерін тексерді. Студенттерге шәкіртақы тағайындау туралы бұйрықты қалыптастыру кезінде қате жіберілгені анықталды. Д. шәкіртақы алатын студенттер тізіміне оның оқу курсы шатастырылғандықтан енгізілмеген. Партия мүшелерінің араласуынан кейін университет әкімшілігі стипендия алатын студенттер тізіміне өзгерістер енгізу туралы жедел бұйрық шығарды. Мәселе оң шешімін тапты.