Елордаға Египеттен ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Елордаға Египеттен ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Елордаға Египеттен ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанға Египеттен келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды.19 қазан күні таңертең Шарм-эль-Шэйхтен ПТР тестінен өтпей ұшып келген әйел індеттің симптомсыз тасымалдаушысы екені белгілі болды.  Індет жұқтырмағанын растайтын анықтамасыз келген жолаушы әуежайда бірден қаланың карантиндік стационарына жеткізілді, онда оған қажетті зертханалық талдаулар жасалды. Талдау нәтижелері бойынша әйелдің COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Әдетте індеттің симптомсыз тасымалдаушыларын үйде медицина мамандары бақылайды. Алайда науқас облыс тұрғыны болып табылғандықтан және оны жедел үй карантиніне оқшаулау мүмкін еместігі ескеріліп, ол елордадағы инфекциялық стационарға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, науқас онда 5 күн жатып, толық тексеруден өтеді. Егер клиникалық көріністер пайда бола бастаса, онда оған хаттамаға сәйкес тиісті емдеу тағайындалады. Айта кетейік, бүгін елорда әуежайы 7 халықаралық рейсті қабылдады: БАӘ-ден  –  2, Түркиядан  –  2, Беларусьтен  –  1, Германиядан  – 1, Египеттен  –  1 рейс. Ұшып келген 769 жолаушының ішінде 171 азаматта ПТР-тестілеу анықтамасы болған жоқ. Олардың барлығы карантиндік стационарға жеткізіліп, тиісті сынама тапсырды. Еске сала кетсек, 26 қазаннан бастап еліміз халықаралық әуе рейстерінің санын қысқартады. Сондай-ақ, Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР азаматтары), соның ішінде екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өтеді. Мәлім етілгендей, шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін коронавирусқа ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.