26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстерінің саны қысқарады

26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстерінің саны қысқарады

26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстерінің саны қысқарады
ашық дереккөзі
Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты ахуалы нашар елдерге әуе рейстерін қысқартады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның бүгінгі шешіміне сәйкес, ел өңірлеріндегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі. Бұдан бөлек, 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады. Сондай-ақ, Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР азаматтары), соның ішінде екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өтеді. Мәлім етілгендей, шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін коронавирусқа ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.