Садыр Жапаров президент сайлауына қандай жағдайда қатысатынын айтты

Садыр Жапаров президент сайлауына қандай жағдайда қатысатынын айтты

Садыр Жапаров президент сайлауына қандай жағдайда қатысатынын айтты
ашық дереккөзі
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров «Россия 24»-ке берген сұхбатында президенттік сайлауға қандай жағдайда қатыса алатынын айтты, деп хабарлайды Кабар агенттігі. Мемлекеттің қолданыстағы заңына сәйкес, президенттің міндетін атқарушы азамат сайлауға қатыса алмайды. «Қазіргі уақытта парламентте  президент және парламент сайлауына қатысты заңнамаға өзгерістер дайындалып жатыр. Егер осы өзгеріс нәтижесінде маған сайлауға қатысуға рұқсат етілсе, мен қатысамын. Бірақ дәл қазір бұл туралы айтуға ерте, әлі шешім қабылданған жоқ», - деді мемлекет басшысының міндетін атқарушы. Еске сала кетейік, бұған дейін Садыр Жапаров елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбековтің экс-президентке тиесілі айрықша құқықтарын сақтау туралы жарлыққа қол қойған еді.