Сотталушылар түрмеге мейрамхана тамағын алдырта алады

Сотталушылар түрмеге мейрамхана тамағын алдырта алады

Сотталушылар түрмеге мейрамхана тамағын алдырта алады
ашық дереккөзі
2019 жылдан бастап түрмедегі жазасын өтеушілерге электронды дүкендер қызметін пайдалану мүмкіндігі берілген. Олар азық-түлік өнімдері мен ең қажетті өнімдерге тапсырыс бере алады. Сотталушылар түзеу мекемесіне тіпті, фаст-фуд та алдыртуға құқылы.  Сотталғандарға арналған электрондық дүкендер сервисін енгізу  - пенитенциарлық жүйені жаңғырту және реформалау процесінің маңызды бағытының бірі. ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, 2019 жылдан бастап сотталғандар үшін мамандандырылған электрондық дүкендер қолжетімді. Мұнда тауарлардың 400-ден астам атауы ұсынылған, олардың барлығы тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларында сату үшін қауіпсіз санатқа жатады. Комитет дерегінше, тауарлар тізімі үнемі толықтырылып, кеңейтіліп отырады. Олардың қатарында азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек бар. Бұдан бөлек, сотталғандар мейрамханалардан ыстық тағамға да тапсырыс бере алады: фаст-фуд, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пицца. Барлық бағалар қолжетімді. Сотталғандардың туыстары колонияға ең қажет заттарды жеткізу үшін электронды дүкенді қолдана алады. Бұл мүмкіндік, әсіресе, пандемия жағдайында өте өзекті. Байланыссыз жеткізу қызметі індеттің түрмелерге таралуына жол бермейді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Қазақстан түрмелерінде қанша адам жазасын өтеп жатқанын айтқан еді. Жанат Ешмағамбетовтің сөзінше, еліміз сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 100-орында тұр.