Қандасымыз Қытай чемпионатында топ жарды

Қандасымыз Қытай чемпионатында топ жарды

Қандасымыз Қытай чемпионатында топ жарды
ашық дереккөзі
Шыңжаңдық қандасымыз Уәлихан Серікұлы грек-рим күресінен Қытай чемпионатында алтыннан алқа тақты.
Дода Қытайдың Үнжу қаласында өткен. Уәлихан Серікұлы 63 келі салмақта өнер көрсетіп, финалда шанхайлық қарсыласын 9:0 есебімен ұтты.
Қандасымыз осыдан кейін Олимпиадаға лицензиялық іріктеу турниріне қатысатын болады.
Уәлихан Серікұлы – 1993 жылы Шыңжаңның Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. Қытай құрамасының сапында өнер көрсетеді. Қытай чемпионатының 4 дүркін жүлдегері, Мажарстан астанасы Будапеште өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатында 3-орын иеленген.
Уәлиханның бапкері Әлнұр Төргеұлы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Қытай атынан 2004 жылғы Афина Олимпиадасына қатысқан.