Жаңалықтар

Сауалнама: қазақстандықтар Nur Otan-ның бәсекелестері жоқ деп санайды

ашық дереккөзі

Сауалнама: қазақстандықтар Nur Otan-ның бәсекелестері жоқ деп санайды

Қоғамдық саясат институтының қазан айындағы сауалнама нәтижелеріне сәйкес партияны қолдау деңгейі 76,8% құрайды. Сонымен қатар, 70,7% партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деген пікірде, ал респонденттердің 69,2% елдің одан әрі дамуын тек «Nur Otan» партиясымен байланыстырады. Партияны қолдаудың жоғары деңгейі, бұл пандемия кезеңінде халықты қолдау жұмыстарының күшеюінің, кері байланыстың онлайн-арналары мен қоғамдық қабылдаулардың нығаюының, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстарының нәтижесі.