Ташкенттіктер қоғамдық көлікте маскамен бірге қолғап та киюге міндеттелді

Ташкенттіктер қоғамдық көлікте маскамен бірге қолғап та киюге міндеттелді

Ташкенттіктер қоғамдық көлікте маскамен бірге қолғап та киюге міндеттелді
ашық дереккөзі
Ташкентте қоғамдық көлік жолаушылары маскамен бірге қолғап та киюге міндеттелді. Бұл туралы елдің көлік министрлігінің Telegram каналында хабарланды. 19 қазаннан бастап қоғамдық көлікте әр түрлі маусымдық инфекциялардың таралуын болдырмау және жолаушылардың денсаулығын сақтау мақсатында Ташкентте қоғамдық көлікте (автобус, метро, такси) жүргенде медициналық маска тағу және қолғап кию тәртібі енгізіледі. Тасымалдаушы компаниялар жолаушыларға қолғапты тегін береді. Жолаушылар метро бекеттеріне кассирлерден, автобустар мен шағын автобустарға мінгенде, кондукторлардан және жүргізушілерден қолғап алады. Көлік министрлігі қоғамдық көлікте қолғап кимегендерді анықтау үшін тұрақты түрде рейдтер жүргізеді. Пандемия басталғалы Өзбекстанда 63 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. Науқастардың 60 мыңнан астамы емделіп шықты. Дерті асқынған 525 адам көз жұмды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Италияда індеттің таралуын тоқтату үшін жаңа шектеулер енгізілгенін хабарлағанбыз.  Жаңа тәртіп бойынша мэрлер 21:00-ден кейін қоғамдық орындарды жабу құқығына ие болады, сондай-ақ, мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарады.