Жаңалықтар

Қытайда қазақ мәдениетін дәріптеген мәдени-танымдық шара өтті

ашық дереккөзі

Қытайда қазақ мәдениетін дәріптеген мәдени-танымдық шара өтті

Қытайдың Алтай аймағында қазақтың ұлттық ерекшелігін, мәдениетін, салт-дәстүрін көрсеткен мәдени-танымдық туризм шарасы өтті, деп хабарлайды kazakh.altxw.com сайты. Аталған ақпарат көзінің жазуынша, Алтай аймағының Бурылтоғай ауданында өткен іс-шарада көрермендерге ұлттық салт-дәстүрлер арқау етілген театрландырылған қойылымдар, ақындар айтысы, халық әндері мен билері көрсетілген. Сонымен бірге аламан бәйге, жорға жарысы, теңге ілу секілді ұлттық спорт түрлері де ұйымдастырылған.