Қытайда қазақ мәдениетін дәріптеген мәдени-танымдық шара өтті

Қытайда қазақ мәдениетін дәріптеген мәдени-танымдық шара өтті

Қытайда қазақ мәдениетін дәріптеген мәдени-танымдық шара өтті
ашық дереккөзі
Қытайдың Алтай аймағында қазақтың ұлттық ерекшелігін, мәдениетін, салт-дәстүрін көрсеткен мәдени-танымдық туризм шарасы өтті, деп хабарлайды kazakh.altxw.com сайты. Аталған ақпарат көзінің жазуынша, Алтай аймағының Бурылтоғай ауданында өткен іс-шарада көрермендерге ұлттық салт-дәстүрлер арқау етілген театрландырылған қойылымдар, ақындар айтысы, халық әндері мен билері көрсетілген. Сонымен бірге аламан бәйге, жорға жарысы, теңге ілу секілді ұлттық спорт түрлері де ұйымдастырылған.  width= Сондай-ақ, Алтай қойларының маусымдық көші-қон кезіндегі қоныс аударуы тамашаланып, мыңдаған қойлар көрермен алдынан шұбырып өткен. Аталған шарада осы асыл тұқымды Алтай қойының аталығы, 163,3 килограмдық қошқар аукционға шығарылып, 68 мың юаньға сатылған. Алыс-жуықтан келген туристерге Бурылтоғай ауданының «Үліңгір көлі» секілді көрікті жерлері насихатталып, таныстырылған.  width=