Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі отбасыға ауылдастары үй салып берді

ашық дереккөзі

Мүмкіндігі шектеулі отбасыға ауылдастары үй салып берді

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жергілікті тұрғындар асар әдісімен мүмкіндігі шектеулі отбасыға үй салып берді. Ауданға қарасты Қ.Пірімов атындағы ауылда тұратын Орысбай Науқанбаев – дүниеге келгеннен екінші топ мүгедегі. Әйелі де – мүмкіндігі шектеулі жан. Олар тұратын үйді жыл сайын су басып қалатын. Биылғы көктемде нөсер жаңбыр салдарынан мол су үй ішіне дейін жайылып кеткен. Салдарынан баспана жарамсыз күйге түсті. Елдегілер ортақ шешімге келіп, жаңа үйдің кірпішін қалауды бастап кетті.