Елордада террористік тұрғыдан осал нысандар анықталды

Елордада террористік тұрғыдан осал нысандар анықталды

Елордада террористік тұрғыдан осал нысандар анықталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті елордадағы террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшілікті жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілген. Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, өткізу режимін қамтамасыз ету, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу жатады. Сондай-ақ, қызметкерлер бұрын анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама енгізілген нысандарды қайта тексерді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан полицейлері тұрақты негізде ТТО нысан басшыларымен оқу-дәріс іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеті бойынша жадынамалар табыс етілді.