Халықаралық рейспен келген 245 жолаушы карантинге жатқызылды
Халықаралық рейспен келген 245 жолаушы карантинге жатқызылды
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов дерегінше, 18 қазан түнде елімізге 14 халықаралық әуе рейсімен 1 969 жолаушы келді. Жолаушылардың 1724-інде ПТР анықтамасы болды, ал 245-інде анықтама болмады.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен келген 852 жолаушының 717-сі анықтамамен, 135-і анықтамасыз келген. Алматыға 7 рейспен 981 жолаушы жетті. Оның ішінде 885 жолаушыда ПТР анықтама болды. Ал анықтамасыз жолаушылар саны – 96 адам. Шымкентке 1 рейспен келген 136 жолаушының 122-сі анықтамамен, ал 14 анықтамасыз келгені анықталды.
«Қазақстан азаматтарының 87 пайызы халықаралық әуе рейстерімен ПТР анықтамамен келді. COVID-19-ға арналған ПТР анықтамасы жоқ Қазақстанның 245 азаматы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ПТР тесттен өту үшін екі күндік карантинге орналастырылды», – деді Сәдуақас Байғабылов.