Қырғызстанға 25 млн доллар бөлді

Қырғызстанға 25 млн доллар бөлді

Қырғызстанға 25 млн доллар бөлді
ашық дереккөзі
Азия даму банкі (АДБ) директорлар кеңесі Қырғызстанның инвестициялық жай-күйін жақсарту үшін 25 миллион доллар бөлу ұсынысын мақұлдады. Бұл туралы республиканың экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша, қаражат Қырғызстан экономикасының дамуын жаңа жұмыс орындарын ашу мен инвестиция үшін жағдау жасау арқылы қолдау үшін жұмсалады. Бағдарлама туарларды жаңа нарықтарға шығару ісін дамытуға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін арттыруға арналған. АДБ көмегі Ұлттық тұрақты даму стратегиясына сай бөлінеді. АДБ 2008 жылдан бері қырғыз үкіметімен инвестициялық жағдайды жақсартуға және жекеменшік секторды қамытуға қолдау көрсетіп келеді.