Жаңалықтар

Бауыржан Байбек: Жаңаөзенде 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады

ашық дереккөзі

Бауыржан Байбек: Жаңаөзенде 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Маңғыстау облысына жұмыс сапары Жаңаөзен қаласында жалғасты. Ол мұнда жаңаөзендіктермен партияның таяудағы 5 жылға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының жобасын қарады. Сапар барысы туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Facebook парақшасында арнайы жазба жариялады. «Праймериз барысында қала тұрғындарынан 100-ден астам ұсыныс түсті, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру деңгейін көтеру, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, жолдар мен аула алаңдарын салу, ауыз сумен қамтамасыз ету және басқалары бар. Бұл мәселелер бағдарламаны жетілдіру кезінде көрініс табатын болады. Сонымен бірге ол Н.Нұргалиев, Ж.Ерғазиев, Н.Алланазаров, Ғ.Махамбетов және А.Табылдиев сынды азаматтарды қабылдап, көтерген мәселелерін тыңдады. Қабылдаудан соң Партиялық бақылау комитеті мен филиал басшылығына әрбір өтінішті мұқият қарауды тапсырды.