Алматы соты бұрынғы консулға үкім шығарды
Алматы соты бұрынғы консулға үкім шығарды
Қазақстанның Үндістандағы бұрынғы консулы Рашид Рахымбековке Алматы соты заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін бір жарым жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сот Рахымбековты 2012-2013 жылдары Қазақстанның Үндістандағы консулы қызметін атқарған кезде шетел азаматтарына жалған іскерлік визасын заңсыз дайындаған деп шешті. Сот оған 26 миллион теңге (шамамен 73,5 мың доллар) айыппұл салды.
Рахымбек бұл айыптауларды жоққа шығарып, сот шешіміне шағымданатынын айтты.