Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Францияда бір тәулікте 30 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Өткен тәулікте Францияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны жөнінен тағы  да антирекорд жаңарды. Елде бір тәулікте ішінде 30 мыңнан астам адамнан қатерлі вирус анықталған деп хабарлайды, BBC News. 

Бейсенбіде Францияда COVID-19 індетін жұқтырудың 30 621 оқиғасы тіркелген. Бір күн бұрын, сәрсенбіде елде 22 591 адамнан індетанықталған болатын.

Мемлекет басшысы Эммануэль Макрон елде індеттің таралуын тоқтату мақсатында бірқатар шектеу шаралары енгізілгенін айтты. Атап айтқанда, Париж қаласы, оның маңындағы Марсель, Лион және тағы басқа елдімекен тұрғындарына сенбі күнгі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін төрт апта бойы үйлерінен себепсіз шыға алмайды.

Президенттің сөзінше, бұл шараның арқасында бір тәулікте COVID-19 жұқтыру жаңа оқиғаларының санын 3 мың адамға дейін қысқарту көзделіп отыр.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 810 мыңнан, індет құрбандарының саны 33 мыңнан асты.

Ал әлемде күні бүгінге дейін 38,9 миллионнан аса адамнан коронавирус анықталды. Қатерлі вирустан 1,1 миллионға жуық адам көз жұмды.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button