16 Қазан, 14:39 5672 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 17-19 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Апта соңында республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен циклон келеді. Бұл циклон жауын-шашын жауғызып, желді күшейтеді. Сондай-ақ ауа температурасы одан әрі көтеріледі.

Алайда 18 қазанда солтүстік-батыс антициклонының басып кіруінен кейін күн біршама суытады. Әсіресе елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендейді. 19 қазанда бұл суық елдің орталығы мен шығысына жетеді. Ауа температурасының күрт төмендеуінен түнгі уақытта 0-8 градус аязға дейін, күндіз 5-15 градус жылы болады. Сонымен қатар кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағында күн жылы болады, жауын жаумайды.

 

Соңғы жаңалықтар