ЕҚЫҰ қызметі парламенттік сайлауды бақылайды

ЕҚЫҰ қызметі парламенттік сайлауды бақылайды

ЕҚЫҰ қызметі парламенттік сайлауды бақылайды
ашық дереккөзі
ЕҚЫҰ Адам құқықтары және демократиялық институттары жөніндегі бюро қызметі дүйсенбіден бастап Ресейде жұмыс істей бастады. Олар осы елдегі парламенттік сайлауларға бақылау жасайды. Бұл туралы қызмет басшысы Ян Петерсен Мәскеуде баспасөз мәслихатында хабарлады.
ЕҚЫҰ қызметі Ресейге Орталық сайлау комиссиясының шақыртуымен келген. Қызметтің 500 бақылаушысы бар, оның 80-і ұзақ мерзімге, ал қалғандары аз уақытқа жұмыс істейді. Қызмет өкілдері депутаттыққа үміткерлермен, БАҚ өкілдерімен және депутаттармен кездеседі. ЕҚЫҰ Ресеймен анекцияланған Қырымға бақылаушылар жібері-жібермеу мәселесін әлі шешкен жоқ. Адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюросы ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттерге адам құықтары мен бостандықтарын сақтауға көмектеседі.