Бағдат Мусин мемлекеттік органдарда цифрландырудың ақсау себебін айтты

Бағдат Мусин мемлекеттік органдарда цифрландырудың ақсау себебін айтты

Бағдат Мусин мемлекеттік органдарда цифрландырудың ақсау себебін айтты
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік органдардағы цифрландыру кемшіліктеріне тоқталды. Министрдің айтуынша,  бірінші кезекте әлсіз кадрлар мәселесін шешу керек. «Сонымен қатар, қазіргі кезде маңызды проблемалардың бірі – ол мемлекеттік қызметтердің үлесін автоматтандыру үшін жарыс бар. Барлық күш-жігер сапаға емес, санға бағытталды», - дейді Б. Мусин. Ведомство басшысының пікірінше, мемлекеттік органдарды цифрландыру түйткілдерін жүйелі шешу үшін кадрлар мен біліктілік мәселесіне мән беру керек. «Сегіз мемлекеттік органда цифрландыру бағытында дербес жауапты вице-министрлер бекітілді. Бірақ та олармен жұмыс атқаратын 500-ден астам адамның орташа жалақысы 150 мың теңгені құрап тұр. Олардың деңгейін де көтеру керек. Сондықтан біз цифрлық құзірет орталығын ашамыз. Онда жүйелік талдау, процестердің реинжинирингі, деректерді басқару және басқа бағыттарда осы қызметкерлердің біліктілін арттырамыз», - деді министр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бағдат Мусин Қазақстан қалаларында 5G желісі қашан іске қосылатынын айтқан еді. Министрдің сөзінше, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы, ал облыс орталықтарында 2025 жылға дейін іске қосылмақ.