Коронавирус жұқтырған 7,7 мың медицина қызметкеріне өтемақы төленді

Сондай-ақ!

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына берген сұхбатынан қысқа да нұсқа үзінді ұсынады. Былтыр біздің елден 45,2 мың адам...

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған., -...

«Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған» Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған...

COVID-19-бен күресуге тартылған 7 688 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды. Төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды.

Өтінімдерді жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, содан соң төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

16 қазан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 7 688 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 182 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды. Осылайша, төлемдерді COVID-19-бен күресте қайтыс болған барлық медицина қызметкерлерінің туыстары алды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (1246) және Алматы (863) қалалары және Атырау (645), Қарағанды (552), Шығыс Қазақстан (542) және Ақмола (501) облыстары бойынша жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.

 

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

«Алтын тобылғы-2020» әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады. Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар...

Фейк жаңалықтың саяси, экономикалық және әлеуметтік салдары

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің білім алушылары «The...

Головкин vs Шеремета: команда мүшелері коронавирус инфекциясын жұқтырды

Геннадий Головкиннің қарсыласы поляк Камил Шереметаның жеке бапкері мен оның командасында бірге...

Коронавирустың адам азғасындағы белсенділігін төмендететін өнімдер аталды

Cолтүстік Каролина университетінің ғалымдары коронавирус ферменттерінің белсенділігін төмендететін өнімдерді атады. Олар жасаған...

«200 жыл бойы сақталған»: Желіде қасиетті Құран 5 млн теңгеден саудалануда

Елімізде Қасиетті Құран Кәрімді саудалап, пайда табатындар көбейген. Ең қымбат Құранның бағасы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...