Туған күніне сый қабылдаған Тараз әкімінің орынбасары жазаланды

Туған күніне сый қабылдаған Тараз әкімінің орынбасары жазаланды

Туған күніне сый қабылдаған Тараз әкімінің орынбасары жазаланды
ашық дереккөзі
Тараз әкімінің орынбасары Алмас Садубаевқа естелік картасы, қалам, зарядтау құрылғысы және туған күніне арналған құттықтау хаты түріндегі сыйлық алғаны үшін сөгіс жарияланды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  "Биылғы 12 қазанда Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Тараз әкімінің орынбасары сыйлыққа деген реакциясын видеоға түсірді" атты бейнематериал жарияланған, онда Садубаев өзінің қызметтік кабинетінде отырып, сыйлық алған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында көмектескені үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдау мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық болып табылады", - делінген агенттік хабарламасында. Агенттікте мемлекеттік қызметке кірген әрбір адам мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес жауапкершілік пен белгілі бір шектеулерді өз мойнына алатынын еске салды. "Жоғарыда аталған материалды Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қарау нәтижесінде Садубаевқа сөгіс түрінде жаза ұсынылды", - деп хабарлады ведомстводан.