Нұр-Сұлтанда құрылысы 8 жылдан бері бітпеген тағы бір үй биыл пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтанда құрылысы 8 жылдан бері бітпеген тағы бір үй биыл пайдалануға беріледі
Астанада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеметтік желіде хабарлады.
«Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде орналасқан 30-блокта 600-ден астам алданған отбасы бар. Тұрғындармен бірнеше рет болған кездесу барысында кезең-кезеңімен құрылыс кестесін әзірледік. Шешілмеген мәселелер көп болды. Қазіргі уақытта үй орталық сумен жабдықтауға, жылу мен кәрізге қосылды. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізудеміз-қазір үй уақытша электрмен жабдықталуда», - деп жазды шаһар басшысы Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, қасбеттің жұмыстары аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында: үлкен ауладан басқа, футбол және баскетбол алаңын орнату бойынша да жұмыс істеледі. Жақын арада жұмысшылар кіреберістерді ішкі әрлеуге кіріседі, лифтілердің бір бөлігін орнатты, ол бойынша жұмыс жалғасып жатыр.