Орал әкімі жалақысы қанша екенін айтты
15 қазан, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Орал әкімі жалақысы қанша екенін айтты
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков айлық еңбекақысының көлемін жариялады.
Журналистер сауалына жауап берген шаһар басшысының айтуынша, оның қолына тиетін айлық еңбекақысы – 387 мың теңге.
Әкім мемлекеттік қызметшілердің жалақысы құпия еместігін, олар да басқалар сияқты несие алатынын жеткізді.