Жаңалықтар

COVID-19: Бейжіңге келушілерге талап қатаң

ашық дереккөзі

COVID-19: Бейжіңге келушілерге талап қатаң

Қытайдың шығысындағы Циндао қаласында коронавирустың өршуіне байланысты ел билігі Бейжіңге келушілерге бақылауды күшейтті.   Аспан асты елінде қазан айының басында жалпыұлттық күз мейрамы атап өтілді. Бір аптаның ішінде ел тұрғындары 637 миллион сапар жасаған. Мейрамнан соң Циндаодағы эпидемиологиялық ахуал ушығып, шектеу шаралары күшейтілді. Сондай-ақ, ел астанасына келетін шетелдіктерге қойылатын талаптар қатаңдатылды. Атап айтқанда, Бейжіңге өзге елдерден келгендер үш мәрте – бірінші рет ұшаққа мінер алдында, екінші рет әуежайға ұшып келгенде, үшінші рет 14 күндік карантиннің аяқталуына екі күн қалғанда тест тапсыруы шарт. Бұдан бөлек, қала әуежайлары күніне 500 жолаушыдан артық қабылдамайтын болды. Жергілікті биліктің дерегінше, қазіргі таңда Қытай ауруханаларында коронавирусты шетелде жұқтырған 227 науқас емделіп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың Циндао қаласының 9 млн тұрғыны жаппай тестілеуден өтетінін хабарлағанбыз. Қалада індет жұқтырған 12 адам анықталғаннан кейін шаһар басшылығы осындай шешім қабылдады.