Жаңалықтар

Коронавирус қай дәруменнің тапшылығынан асқынатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Коронавирус қай дәруменнің тапшылығынан асқынатыны белгілі болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың 71 пайызында D витаминінің жетіспеуішілігі анықталған. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің В.Алмазов атындағы Ұлттық медициналық-зерттеу орталығының бас директоры, академик Евгений Шляхто өз баяндамасында осындай дерек келтірді. «Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеудің клиникалық аспектілері» атты баяндамаға сүйенсек, D витаминінің жетіспеушілігі COVID-19 індетімен ауырғандардың 71,3 пайызында байқалған. 36,9 пайызда аталған дәруменнің асқынған жетіспеушілігі анықталған. Дәрігердің айтуынша, D дәруменінің жетіспеушілігі – коронавирустың асқынуына әкеліп соғатын негізгі факторлардың бірі. Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ ғалымдары коронавирус індетінің жаңа қауіпті симптомын анықтаған еді. Зерттеу қорытындысы бойынша 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған. Энцефалопатия – тіндердің өзгеруі арқылы ми функцияларының бұзылуына соқтыруы мүмкін мидың ауруы. Ғалымдардың сөзінше, бұл дерт коронавирустың ең ауыр неврологиялық көрінісі.