Күн сәулесінен электр энергиясы өндіріледі

Күн сәулесінен электр энергиясы өндіріледі

Күн сәулесінен электр энергиясы өндіріледі
ашық дереккөзі
Созақ ауданында күн сәулесін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіретін станция салынады. Бұл жобаның іске асырылуына германиялық «GreenEnergy 3000 Holding» ниет білдіріп отыр. Теріскейге күн қуатымен электр энергиясын өндіретін станиция соғуға байланысты германиялық холдинг пен аудан әкімдігінің арасында келіссөздер бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Станция соғу туралы келісім аталған аталған холдингктің Қазақстандағы өкілі Ақылбек Саматұлы мен аудан әкімі Мақсат Исаевтың екеуара кездесу барысынан кейін белгілі болды. Қазіргі таңда Германиялық холдинг, «GreenEnergy 3000 Holding» қарасты Созақ ауданы «ЮКСЭС-50» ЖШС филиалы жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Қажетті құжаттарды әзірлесе, станияның құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталып, 200-ге тарта жұмысшы тартылады. Келер жылы толық қуатымен жүзеге асатын жобада 50 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Айта кетуіміз керек, 50 МВт электр энергиясын өндіретін жобаның тұтынушысы «KEGOC» АҚ болады.