Жайқалған Жамбыл өңірі дамудың даңғыл жолында
Жайқалған Жамбыл өңірі дамудың даңғыл жолында
Тарихы тереңнен тамыр тартатын Тараз шаһарының қазақ үшін қашан да орны бөлек. Екі мың жылдан астам уақыт тарихы бар бұл өңір бүгінде дамуы қарқындап, елдің мәдени және рухани өмірінде елеулі орын алатын аймағына айналған.
Сонымен қатар облыста 79 жоба бойынша көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өткен жылмен салыстырғанда ауызсумен қамту жұмыстарының көлемі де 2,5 есе ұлғайған. Биыл
50 ауызсумен жабдықтау нысанының құрылысына 17,4 млрд теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 34 елді мекенде жаңа ауызсу құбырлары тартылып, 10 елді мекенде қолданыстағы су құбырлары қайта құрылатын болады. 2021 жылы – 34 елді мекенді, 2022 жылы – 26 елді мекенді, 2023 жылы 24 елді мекенді ауызсумен қамту жоспарланып отыр. Нәтижесінде, орталықтандырылған ауызсумен қамту көрсеткішін 2021 жылы – 76,2 пайызға, 2022 жылы – 83,2 пайызға, 2023 жылы 89,7 пайызға жеткізу жоспарланған.
Түрленген Тараз шаһары
Қазіргі кезде Тараз қаласында 800-ге жуық тұрғын үйдің тозығы жеткен, жөндеуді қажет етеді екен. Соған байланысты 2011 жылдан бастап «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі аясында тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2011-2019 жылдары аралығында 5 167,9 млн теңгеге 255 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2020 жылы республикалық бюджеттен 3 378,0 млн теңге қарастырылып, Тараз қаласындағы 80 көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Тараз қаласындағы 163 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тараздықтар демалатын және серуендейтін жаңа орын – «Арбат» жаяу жүргіншілер аллеясы ашылды. Аллеяның ерекшелігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай бой көтерген биіктігі 30 метрлік «Қазақ халқына мың алғыс» монументін айтуға болады. Аллеяның ұзындығы 580 метрді құрайды. «Қазір қала ертегідей өзгеріп, түрленіп келеді. Көрікті орындар көбейді. Әр кеш сайын серуендейтін кезде, қайсысын таңдарымызды білмей абдырап қаламыз. Жерлестеріміз мұндай тамаша тартуларды ықыласпен қабылдап, оны күтіп-баптап ұстауға барынша ден қойып, ұзақ жылдар бойы сақталуына үлес қосады деп сенемін», – деді өзінің әсерімен бөліскен облыс орталығының тұрғыны Айгүл Сыздықова. Жалпы, облыстың қоғамдық-саяси ахуалы да тұрақты. Өңірдегі экономиканың барлық саласы жүйелі түрде дамып, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жаңа жұмыс орнының ашылуына мұрындық болып отыр. Мұның барлығы – жамбылдықтардың бірлігі мен қарқынды жұмысының жемісі.Ділда УӘЛИБЕК