Жайқалған Жамбыл өңірі дамудың даңғыл жолында

Жайқалған Жамбыл өңірі дамудың даңғыл жолында

Жайқалған Жамбыл өңірі дамудың даңғыл жолында
ашық дереккөзі
Тарихы тереңнен тамыр тартатын Тараз шаһарының қазақ үшін қашан да орны бөлек. Екі мың жылдан астам уақыт тарихы бар бұл өңір бүгінде дамуы қарқындап, елдің мәдени және рухани өмірінде елеулі орын алатын аймағына айналған.  width= Бердібек Сапарбаев облысқа әкім болып тағайындалғалы бері жұмыс сапарымен Тараз қаласын 40 рет аралап, аудандарға 55 рет іссапарға шыққан екен. Іссапар барысында аймақ басшысы тұр­ғындармен міндетті түрде кездесіп, туындаған мәселенің шешілуін өз бақылауына алады. Атқарылмақ істер көп, атқарылғаны да бір­шама. Өңірдегі халықтың ахуалы мен тыныс-тіршілігіне шолу жа­сап көрсек.

Биофармацевтикалық зауыт салынбақ

Өткен айда өңір басшысы Бер­ді­бек Сапарбаев Гвардейск әс­кери қа­лашығы маңында салынып жат­қан иммундық-биологиялық пре­параттар өндіретін биофармацев­ти­калық зауыттың құрылысымен та­нысқан болатын. Қазір зауыттың құрылысы қызу жүріп жатыр. Айта кетейік, аталған зауыт тиіс­ті өндірістік тәжірибенің ха­лық­аралық стандарты бойынша им­мунобиологиялық дәрі-дәр­мек­тер, оның ішінде коронавирус ин­фекциясына қарсы вакцина шы­ғармақ. Қазір институттың ко­ро­навирус індетіне қарсы кан­ди­дат­тық вакцинасы Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының тізіміне ен­ген және клиникаға дейінгі сы­нақ­тан сәтті өтті. Сондай-ақ кә­сіп­орында пандемиялық тұмауға, ту­бер­кулезге, бруцеллезге, басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина шы­ғарылмақ. Жоспарға сәйкес құ­рылыс жұмыстары биыл желтоқсан айында аяқталуы керек және жыл сайын биофармацевтикалық пре­па­раттың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделіп отыр.

Көп тілегі – көл болар

Аймақ басшысының бұған дейін­гі Қордай ауданына іссапа­рын­да Отар ауылының тұрғындары ауыл­да мәдениет үйі мен спорттық-сауықтыру кешені бой көтеріп, «кө­гілдір отын» келсе деген тілек айт­қан. Халықтың өтініші еске­рі­ліп, артынша көп ұзамай-ақ бұл ба­ғыттағы жұмыстар басталып та кет­ті. Мәдениет үйінің құрылыс жұ­­мыстарын «Байсын А» ком­па­ния­сы 308 миллион теңгені және спорт­тық-сауықтыру кешенін «Та­раз – Ісмер» компаниясы 323 мил­лион теңгені құрайтын жобалардың құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ал осы жолғы іссапарында Бер­ді­бек Сапарбаев Отар ауылында са­лынып жатқан ауылдық мәдениет үйі және спорттық-сауықтыру ке­шенінің құрылысымен танысты. Облыс басшысы ауыл ақсақалдары­мен және ақ жаулықты аналармен аман­дасып, әңгімелесуді де естен шы­ғарған жоқ. Оларды Отар ауы­лына «көгілдір отын» биылғы жыл­дың аяғына дейін келетінін айтып қуантты. «Қазір әлеуметтік желіде бәрі ашық айтылып сыналып жатыр. Жақ­сылықты көріп, бағалаған жақ­сы. Осының бәрі кім үшін? Ауыл тұр­ғындары сіздер үшін, қара­пайым адамдар үшін жасалып жа­тыр», – деді Бердібек Сапарбаев. «Жоба бойынша газ құбыры әр кө­шеге тартылады. Оны үйге кіргізу құ­ны бір отбасы үшін – 350 мың тең­ге. Бұл қаражат өздеріңізден шы­­­­ғады. Бірақ барынша жеңіл­дік­тері қарастырылады. Мысалы, биыл 100 мың теңге төлеп, қалғанын ке­лесі жылы өтеуге болады» деп тү­сіндірді аудан әкімі Рүстем Дәулет. Об­лыс әкімі алдағы жылы Отарда­ғы орта мектептің қүрделі жөндеуі­не де көңіл бөлетінін айтты. Оған қоса, өзге де ауылдарда түйінді мә­се­лелер бар екенін, халықты жақсы бас­тамаларды қолдап жүруге, бір­лік­ке шақырды.

Білім нысандарының құрылысы еселенбек

2020 жылы облыс бойынша 22 бі­лім нысанының құрылысы жүріп жатыр. 42 мектеп күрделі жөндеу­ден өткізілмек. Бүгінгі күнге дейін 6 білім ны­са­ны пайдалануға берілді. 30 мек­теп­те күрделі жөндеу жұмысы аяқ­тал­ған. Қалған 9 мектепте 1 қарашада жә­не 3 мектеп 11 қарашада аяқта­ла­­ды деп күтілуде. Ал жыл соңына дейін 7 мектеп, 1 мектепке және 1 мек­­теп-интернатқа қосымша ғима­рат пайдалануға беріледі деп кү­тілу­­де (3 апатты, 1 үшауысымды, 2 оқу­шы орны тапшылығы бар, 2 то­зығы жеткен мектеп). Қалған 7 ны­сан келесі жылға қалдырылмақ. Облыстағы 285 мектептің са­нитарлық тораптарын ғимарат іші­не кіргізу жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. 278 мектептің санитарлық то­раптарын ғимарат ішіне кіргізу жұ­мыстары аяқталды. Білім нысандарының құрылыс жұ­мыстары жалпы сипаттағы трансферттер есебінен (7 нысан), жер­гілікті бюджет есебінен (6 ны­сан) және «Ауыл – ел бесігі» (2 ны­сан), «Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы» (7 нысан) бағдарламалары ая­сын­да жүргізіліп жатыр.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл  – ел бесігі» жобаларының жұмысы

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол кар­тасы» аясында облыс бойынша бар­­лығы 64,2 млрд теңгеге 808 инф­рақұрылымдық жобаны  іске асыру жоспарланған. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 20 443 жұ­мыс орны құрылып, оның 10 264-і халықты жұмыспен қамту орта­лық­тары арқылы жұмысқа орналас­ты­рады деп көзделген. Аудандар бойынша Тараз қала­сын­да – 72 жоба, Қордай ауданында – 181, Жамбыл ауданында – 42, Мойынқұмда – 52,Таласта – 67, Бай­зақта – 135, Жуалыда – 27, Мер­кіде – 75, Тұрар Рысқұлов ауда­нын­да – 74, Шуда – 59, Сарысуда  24 жо­ба атқарылмақ. Мемлекет басшысының қол­дауымен биыл Қордай ауданын да­мы­туға қосымша 32 миллиард тең­ге бөлінді. Жаңа әлеуметтік ны­сан салынып, жолдар жөнделіп жа­тыр. Бүгінгі күні Қордай ауданы бойын­ша барлық жоба жұмыс­тарының 89 пайызы аяқталған. Нә­тижесінде, 41 елді мекеннің 34-і газ­бен қамтылып, үлесі 83 пайызды құ­рады. Жыл соңына дейін халық­ты газбен қамту деңгейін 95 пайыз­ға жеткізу жоспарланып отыр.  width= Сонымен қатар облыста 79 жо­ба бойынша көшелерді жарық­тан­дыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда ауыз­сумен қамту жұмыстарының көлемі де 2,5 есе ұлғайған. Биыл 50 ауызсумен жабдықтау нысаны­ның құрылысына 17,4 млрд теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 34 елді мекенде жаңа ауызсу құбырлары тар­тылып, 10 елді мекенде қолда­ныс­тағы су құбырлары қайта құ­ры­латын болады. 2021 жылы  – 34 елді мекенді, 2022 жылы – 26 елді ме­кенді, 2023 жылы 24 елді мекенді ауыз­сумен қамту жоспарланып отыр. Нәтижесінде, орталық­тан­ды­рыл­ған ауызсумен қамту көр­сет­кішін 2021 жылы – 76,2  пайызға, 2022 жылы – 83,2 пайызға,  2023 жы­лы 89,7 пайызға жеткізу жос­пар­лан­ған.

Түрленген Тараз шаһары

Қазіргі кезде Тараз қаласында 800-ге жуық тұрғын үйдің тозығы жет­кен, жөндеуді қажет етеді екен. Соған байланысты 2011 жылдан бастап «Өңірлерді дамытудың 2020 жыл­ға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі аясында тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2011-2019 жылдары аралығында 5 167,9 млн теңгеге 255 үйге жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілген. 2020 жылы республикалық бюд­­жеттен 3 378,0 млн теңге қа­рас­тырылып, Тараз қаласындағы 80 көп­қабатты тұрғын үйлер  күрделі жөн­деуден өткізілді. Сондай-ақ об­лыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Тараз қаласындағы 163 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тараздықтар де­малатын және серуендейтін жаңа орын – «Арбат» жаяу жүргіншілер аллеясы ашылды. Аллеяның ерекшелігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай бой көтерген биіктігі 30 метрлік «Қазақ халқына мың ал­ғыс» монументін айтуға болады. Ал­леяның ұзындығы 580 метрді құрайды. «Қазір қала ертегідей өзгеріп, түр­леніп келеді. Көрікті орындар кө­бейді. Әр кеш сайын серуендейтін кез­де, қайсысын таңдарымызды біл­мей абдырап қаламыз. Жер­лес­теріміз мұндай тамаша тартуларды ықыласпен қабылдап, оны күтіп-баптап ұстауға барынша ден қойып, ұзақ жылдар бойы сақталуына үлес қосады деп сенемін», – деді өзінің әсе­рімен бөліскен облыс орталы­ғының тұрғыны Айгүл Сыздықова. Жалпы, облыстың қоғамдық-саяси ахуалы да тұрақты. Өңірдегі экономиканың барлық саласы жүйелі түрде дамып, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жаңа жұмыс орнының ашылуына мұрындық болып отыр. Мұның барлығы – жамбылдықтардың бірлігі мен қарқынды жұмысының жемісі.

Ділда УӘЛИБЕК