Жаңалықтар

Жайдарбек Күнғожинов: Каскадер болу үшін бір жыл тегін жұмыс істеу керек

ашық дереккөзі

Жайдарбек Күнғожинов: Каскадер болу үшін бір жыл тегін жұмыс істеу керек

Nomad Stunts – Голливудтан Болливудқа дейінгі әйгілі киностудиялармен жемісті жұмыс істеп жүрген қазақ кас­кадерлер тобы. 20 жылдық тарихы бар каскадерлер тобының негізін қалаған Жайдарбек Күнғожиевты әлемдік ки­ноиндустрия саласы «отқа салса жанбайтын, суға салса бат­пайтын» үздік каскадер деп таниды. Nomad Stunts кас­кадерлері алғаш отандық және шетелдік үздік фильм­дердің қойылымдарына қатысты. – Кез келген адам каскадер бола ала ма? Командаңызға мүше болғысы келе­тін каскадерлерге қандай талап қоясыз? – Бұрын каскадер боламын деп 1 жылда бір-ақ адам келетін. Біз Голливуд пен Бол­ливуд­ты бағындырғаннан кейін каскадер бол­сам деп хабарласатын жандардың қарасы кө­бейді. Соңғы жылдары бұл кәсіпке қыздар арасында қызығушылық пайда бола бастады. Жастардың көбі 3-4 ай­да каскадерлік өнерді меңгеріп, ақшаны кү­реп табамын, Гол­ли­вудта киноға түсе саламын деп ой­лап келеді. Мұн­­дай оймен ке­ле­тін адам­дар­дың біразы біздің топ­тың жұмыс ре­жи­міне шыдай ал­май­­ды. Өйт­кені біз алғаш қа­тары­мыз­ға қосылған жастарға 1 жыл бойы психологиялық, физикалық жүк­теме береміз. Тіпті, 1 жыл бойы жалақы алмайтын кездер болады. Кейбірі ақшасыз қиын болғандықтан кетсе, енді бірі аяқ-қолы сынып, жа­ра­қат алған соң кетіп қалады. Кас­кадер болам деген жігіттерге бірін­шіден, акробатика, екіншіден, жауын­герлік өнер, үшіншіден, тәр­тіп, төртіншіден, шыдамдылық ке­рек. – Каскадердің бір күнін си­пат­тап беріңізші. – Каскадерлер алғаш келгенде 24 са­ғат жұмыс істейді. Асықпай оты­рып түскі ас ішу дегенді ұмы­тады. Енді келген жас үйренушілерге жат­тығу аз болады. Біз бірінші пси­холо­гиялық жүктеме жасаймыз. Бір же­тіден кейін физикалық жүктеме бас­талады. Таңертең сағат 8.00-ден кеш­кі сағат 22.00-ге дейін тоқтамай жаттығады. Шыдай ма, шыдамай ма, осы кезде көрінеді. Кейде жұмыс іс­тегенде, түсірілім барысында аз кө­лемде ақша табатыны болмаса, 1 жыл бойы жалақысыз жүреді. Осын­дай жүктемеге шыдаса, әрі қарай тү­сірі­лімге қатыса бастайды. Тәртіп пен жаттығудың арқасында 4-5 жылда Голливуд фильмдерінің түсіріліміне қатыса алады. – Өздеріңіз түсіріліміне қа­тыс­­қан Disney ұсынған «Мулан» фильмі­нің прокатқа шығуымен ұжымыңыз­ды құттықтаймыз. Продакшн өкіл­дері сізге кана­да­лық актердің ор­нына рөл сом­дауды ұсынып, нәти­жесінде кас­кадер болып барып, ак­тер бо­лып қайттыңыз. Шетелдік тү­сірілім алаңында көп жүрген тәжіри­белі маман ретінде «қазақ киносы қайткенде дамымақ?» де­ген сауалға жауап берсеңіз. – Әрине, біздің кино мен ше­тел­дің киносы әртүрлі. Шетелде кино көп түсіріледі, бірақ бәрі бір­дей сапалы емес. Біз шетелдің жақ­сы киносын көріп жатыр­мыз. Еліміздің киноиндустрия­сын дамытудың бір жолы – кино туралы заң қабылдау. Бұл ба­ғыт­тағы жұмыстар бастал­ғанымен, аяғына жетпей тоқтап қалды. Кино саласындағы көптеген мә­селелер шешілсе, шетелден әр­түрлі мамандарды шақырып, са­палы кино түсірер едік. Мы­салы, әйгілі киностудиялар жақсы кино түсіру үшін әлемнің мық­ты мамандарын бір түсірілім алаңына жинайды. Үздік ком­паниялар мықты каскадер­лерді әлемнің әр түкпірінен алдыр­тады. Осы тәжірибені қолданып, бірік­кен жобаларды қолға алсақ, қазақ киносының жұлдызы жар­қырай­тын күн алыс емес деп ойлай­мын. Осы орайда, Қа­зақ­стан, Герма­ния, Ресей бірігіп тү­сір­ген «Моңғол» фильмінің сәт­ті шыққанын айта кет­кім ке­леді. Соңғы жылдары қазақтың ки­носы той тақырыбынан аса алмай жүр­гені де рас. Жастарға комедия ру­­­хани азық болмайды. Дәл қазіргі жағ­дайда бізге рухымызды жанып, на­мысымызды оятатын, қазақтың мық­тылығын танытатын кино ке­рек. Келешекте продюсерлікпен ай­налысып, шетелдіктермен бірлесіп жақ­сы кинолар түсірсем деген арма­ным бар.