15 Қазан, 15:50 548 0 Нұр Отан Túrkistan Gazeti

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Ақтауға барды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлерге сапары барысында Ақтау қаласына барды. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 
"Облыстық онкологиялық орталықтың жаңа ғимаратын аралап көрдім. Құрылысы 2008 жылдан бері созылып келе жатқан бұл орталық былтыр шілдедегі сапарымда партиялық бақылауға алынған болатын. Заманауи диагностикалық кешеннің пайдалануға берілуі қатерлі ісік ауруларын бастапқы сатысында анықтау мен емдеудің тиімділігін арттырады. Жергілікті биліктің мәліметінше, қажетті жабдықтарды жеткізу таяу уақытта аяқталады. Орталық ұжымымен кездесіп, жауапты жұмыстарына табыс тіледім.
Сонымен бірге өңірдегі партияішілік прайремизге қатысушылармен, сондай-ақ жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен де кездестім. Бас қосуда партияның облыстық сайлауалды бағдарламасын талқыладық, онымен primaries.kz сайтынан толығырақ танысуға болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұл құжатқа тұрғындардың ұсыныстары енгізіледі. Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша 770-тей ұсыныс жиналып, олардың 411-і бағдарлама жобасына кіргізілді.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ел халқына Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығына озық технологияларды ендіру жөніндегі тапсырмасын ескеріп, «ҚазАзот» кәсіпорнына бардым. Бұл – қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысушылар минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланатын аммиак пен амииак селитрасын өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын".
Сонымен қатар Бауыржан Байбек Ақтаудың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін зауытты жобалық қуаттылығын жылына 400 мың тонна минералды тыңайтқышқа дейін ұлғайта отырып модернизациялау жоспарланып отырғанын айтты.
"Елбасы бастамашылық еткен республикалық «BizBirgemiz» акциясына қатысқандары үшін кәсіпорын ұжымына алғыс айттым. Пандемия кезінде ҚазАзот қызметкерлері облыстағы ауруханалар мен стационарларға оттегі баллондарын өтеусіз толтыруды қамтамасыз еткен болатын.
Сондай-ақ, Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың 5-ші кезең аясында Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы 6 мыңнан астам мұқтаж отбасыға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексердім. Осы төлемдерді қосқанда жыл ішінде Маңғыстау облысында 28 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды, бұлардың қатарында қарт адамдар, ерекше қажеттілігі бар азаматтар және басқалары бар", - деп жазды Б.Байбек.

Соңғы жаңалықтар