Боксшылар алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Боксшылар алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Үшінші жарыс күні үш салмақ категориясында үш бірдей қазақстандық боксшы жұдырықтасады. Риодағы бірінші жекпе-жегін Біржан Жақыпов, Жәнібек Әлімханұлы және Василий Левит өткізеді. Медаль үшін қазақстандық зілтемірші Фархд Харки таласады. Ол 62 келіге дейінгі категорияда өнер көрсетеді.
8 тамызға арналған кесте:
Ату. Ерлер. Пневматикалық винтовка. Іріктеу кезеңі
Юрий Юрков.
Басталуы 18.00-де.
Садақ ату. Ерлер, әйелдер. 1/32 финал.
Сұлтан Түзелбаев, Луиза Сайдиева
Басталуы 18.00-де.
Академиялық ескек есу. Ерлер, әйелдер.
Владислав Яковлев пен Светлана Германович
Басталуы 18.30-да.
Дзюдо. Ерлер. 73 келіге дейін.
Дидар Хамза.
Іріктеу және 1/4 финал 19.00-де басталады. Репешаж, жартылай финал, үшінші орынға талас матчтары және финал 00.30-да басталады. Тікелей эфир 18.50-да. (КazSport)
Слалом есу. Бір адамдық байдарка. Әйелдер.
Екатерина Смирнова
Басталуы - 22.10.
Бокс. Ерлер. 49 келіге дейінгі.
Біржан Жақыпов.
Спортшы рингке 02.00-де шығады.
Бокс. Ерлер. 75 келіге дейінгі.
Жәнібек Әлімханұлы.
Спортшы рингке 3.30-да көтеріледі.
Бокс. Ерлер. 91 келіге дейінгі.
Василий Левит.
Спортшы рингке 04.00-де көтеріледі.
Ауыр атлетика. Ерлер. 62 келіге дейінгі.
Фархад Харки.
Басталуы 04.00-де. Тікелей эфир 03.55-те. ("Қазақстан")