Жаңалықтар

Түркістанда 630 орындық аурухана салынады

ашық дереккөзі

Түркістанда 630 орындық аурухана салынады

 Түркістан қаласында 630 орынға лайықталған көпсалалы облыстық аурухананың құрылысы басталды.

Медициналық орталықтың жалпы көлемі  156 мың шаршы метрден асады. Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Заманауи аурухана толықтай іске қосылса, 1 500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады. ⠀

Жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, ғимаратта жүрек-қан тамырлары реанимациясы, Коронарлық реанимация, IDDIN және күйікті емдеу бөлімдері болады. Одан өзге, жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері, 34 жалпы дәрігерлік амбулатория тұрғындар үшін қызмет көрсететін болады.