15 Қазан, 14:54 2942 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

"Соғысқа дайын болыңдар!": Си Цзиньпин Қытай жауынгерлеріне үндеу жасады

Қытай жауынгерлері барлық күш-жігерін соғысқа дайындыққа жұмылдыруы тиіс. Елдің Гуандун провинциясындағы әскери базаға барған сапарында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды "Cиньхуа". 

Халықтық-азат етуші армияның Чаочжоу қаласындағы теңіз жаяу әскерінің корпусын тексеру барысында Си Цзиньпин әскерилерге үндеу жасап, дайындықты күшейтуге шақырды. Ол сондай-ақ, жауынгерлерден Отанға адал болуды және өз борыштарын мүлтіксіз орындауды талап етті. Қытай басшысы теңіз жаяу әскері ұлттық тұтастықты, қауіпсіздікті және Қытай мүддесін қорғау мақсатында құрылған бөлімше екенін атап өтті.

CNN-нің нақтылауынша, Си Цзиньпиннің Гуандун провинциясына сапарының басты мақсаты Шэньчжэнь экономикалық аймағының құрылуына 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында сөз сөйлеу болды.

Қазіргі таңда Пекин мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп тұр. Бұған коронавирус пандемиясы мен Тайваньға қатысты дау себеп.

Естеріңізде болса, бұған дейін Дональд Трамп әлемді жасаған ісі үшін Қытайды жазалауға уәде берген еді. Ақ үй басшысының сөзінше, Пекин коронавирустың жаһанды жайлап кетуіне жауап беруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар