15 Қазан, 13:57 655 0 Атажұрт Túrkistan Gazeti

Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтеді

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Отандастар қоры» мен Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени ор­талығының бірлесіп ұйымдастыруымен Өз­бек­­станда қазақтардың кіші құрылтайы өтеді.

Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға бай­ланысты шара биыл 21 қазан күні онлайн түрде өтеді деп жоспарлануда.

«Дәстүрге айналған кіші құрылтайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Дү­ниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізіп ке­ле­ді. Соңғы жылдары Ресей, Еуропа қазақ­тары­ның кіші құрылтайы өткен. Биыл бірінші рет пандемияға байланысты Өзбекстандағы қазақ­тардың кіші құрылтайын онлайн режимінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Кездесудің басты мақсаты – бауырлас Қазақстан – Өзбекстан ара­сындағы достық қарым-қатынас, мәдени-ру­хани байланыстарын нығайту. Өзбекстан­да­ғы қазақ диаспорасына қолдау көрсету, мәдени бай­ланысты кеңейту, олардың түйткілді мәсе­ле­лерін шешу жолдарын қарастыру», – дейді ДҚҚ Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

Бұл құрылтайға Өзбекстанның Ташкент, Сыр­дария, Науаи, Бұхара, Хорезм облысы және тағы басқа елдердегі қазақ ұлттық мәдени ор­та­лықтарының басшылары мен өкілдері, қо­ғам, өнер қайраткерлері қатысады.

Соңғы жаңалықтар