«Сергек» алматылық жүргізушілерге 3,6 млрд теңге айыппұл салды

«Сергек» алматылық жүргізушілерге 3,6 млрд теңге айыппұл салды

«Сергек» алматылық жүргізушілерге 3,6 млрд теңге айыппұл салды
ашық дереккөзі
Алматыда биылғы жылдың тоғыз айында «Сергек» камералары 3,6 млрд теңгеге заңбұзушылықтарды тіркеді. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Сергек» камералары 519 мың жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Салынған айыппұл мөлшері - 3,6 млрд теңге. Бүгінгі күні 2,2 млрд теңге өндірілді. Ал, 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Сергек» камералары арқылы 35 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Салынған айыппұл мөлшері - 4,2 млн теңге болған. Оның 111 млн теңгесі (26,5%) төленді. Қазір қалада «Сергек» камерасының 414 посты құрылған, жыл соңына дейін тағы 362 камера пайда болады.