Жаңалықтар

COVID-19: Қазақстанда 99 бала індеттен емделуде

ашық дереккөзі

COVID-19: Қазақстанда 99 бала індеттен емделуде

Елімізде коронавирус жұқтырған 2 789 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 734 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Мамандар 82 адамның ахуалын нашар деп бағалап отыр. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Айта кетейік, өткен тәулікте 110 адамнан коронавирус анықталып, республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны 109 мыңнан асты. 104 мыңнан астам адам емделіп шықса, 1768 науқас қайтыс болды. Індеттің таралуын шектеу үшін еліміздің бірқатар өңірінде карантин шаралары күшейтілді. Естеріңізде болса, бұған дейін елордада жаңа шектеулер күшіне енгенін хабарлағанбыз. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның Қаулысына сәйкес, меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан, барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60% қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруі қажет. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы сағат 22:00-ге дейін шектелді.