Әуежай басшысы «Ұшақтан у шашып жатыр» деген әйелдің видеосына жауап берді

Әуежай басшысы «Ұшақтан у шашып жатыр» деген әйелдің видеосына жауап берді

Әуежай басшысы «Ұшақтан у шашып жатыр» деген әйелдің видеосына жауап берді
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде маңғыстаулық әйелдің «Ақтау қаласында ұшақтан у шашып жатыр» деген видеосы тарады. «Міне, 13 қазан 2020 жыл, Ақтау қаласы. Міне, у шашып жатыр ғой. Адамдар ауырмай қайтеді? Аспанда шашып жүр», – дейді видеода әйел. Осы видеоға қатысты Ақтау Халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов жауап берді. «Бұл – ұшақтың қозғалтқышынан шыққан конденсат. Ол жерге түспейді. Ұшақ ұшатын биіктіктегі ауа температурасы – 60 градус. Ұшақтан шыққан ыстық ауа салқын ауамен араласып, қатып қалады. Бірақ 4-5 минут өткеннен кейін ауада шашырап кетеді. Күн шыққанда және батқанда қызыл түс береді. Ал, күндізгі уақытта ақ болып көрінеді. Қараңғы уақытта – көгілдір болады. Күн сәулесі қалай түстетініне байланысты. Маңғыстау облысы тоғыз жолдың торабы болғасын, облыс аумағынан бірнеше бағытта ондаған ұшақ өтеді. Қазақтар оны «Құс жолы» деп айтады», – дейді Ерғазы Жолдасов.