Жаңалықтар

Кинотеатрлардың жұмысы қайта жандана ма – министр жауап берді

ашық дереккөзі

Кинотеатрлардың жұмысы қайта жандана ма – министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотеатрларды ашуға қатысты сұраққа жауап берді. «Кинотеатрлардың жұмысын жандандыру тұрғысындағы мәселені пысықтап жатырмыз. Қазіргі кезде осы индустрия өкілдерімен, «Атамекен» ҰКП тарапымен бағалау шараларын жүргізудеміз. Театрлардағы сияқты жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар бар», – деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде.