Дезинфекциялау құралдары денсаулыққа зиянды ма?

Дезинфекциялау құралдары денсаулыққа зиянды ма?

Дезинфекциялау құралдары денсаулыққа зиянды ма?
ашық дереккөзі
Желіде Қазақстанда қоғамдық көліктер дезинфекциялау кезінде денсаулыққа қауіпті заттармен өңделетіні туралы ақпарат тарады. stopfake.kz сайтында фотода қолданылатын заттың құтысы көрсетілген.  width= «Продез» деп аталатын құрал Беларусьтің «БелАсептика» зауытында шығарылады. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бұл сұйықтың Қазақстанда қоғамдық көлікті өңдеу үшін қолданылатыны туралы қауесетті терістеді. «Бұл дезинфекциялық құрал Қазақстанда тіркелмеген. Бізде қолдануға ұсынылған дезинфекциялық заттардың тізілімі бар, онда «Продез» жоқ. Оны еліміздің бірде-бір өңірінде пайдаланбайды», – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Ол Қазақстанда қолданылатын барлық дезинфекциялау құралы адам үшін қауіпсіз екенін және ерітіндіні дайындау үшін ұсынылатын пропорция көрсетілген қолдану жөніндегі нұсқаулық бар екенін атап өтті.