Жаңалықтар

Криштиану Роналду коронавирус жұқтыpды

Криштиану Роналду коронавирус жұқтыpды

Португалия ұлттық құрамасының капитаны және италияндық Ювентус клубының футболшысы Криштиану Роналдудан коронавирус инфекциясы анықталды.

Ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиындарын бастаған аяқдоп шебері коронавирусты анықтау тестін тапсырып, нәтижесінде футболшыда COVID-19 вирусы бар екені анықталған. Осылайша оқшаулану режиміне ауысқан футболшы алдағы 14 қазан күні Ұлттар Лигасы шеңберінде Швеция ұлттық құрамасына қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды.