Криштиану Роналду коронавирус жұқтыpды

Криштиану Роналду коронавирус жұқтыpды

Криштиану Роналду коронавирус жұқтыpды
ашық дереккөзі
Португалия ұлттық құрамасының капитаны және италияндық Ювентус клубының футболшысы Криштиану Роналдудан коронавирус инфекциясы анықталды. Ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиындарын бастаған аяқдоп шебері коронавирусты анықтау тестін тапсырып, нәтижесінде футболшыда COVID-19 вирусы бар екені анықталған. Осылайша оқшаулану режиміне ауысқан футболшы алдағы 14 қазан күні Ұлттар Лигасы шеңберінде Швеция ұлттық құрамасына қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды.