«Nur Otan» түркістандықтарға 52 жасанды тыныс алу аппаратын тапсырды
«Nur Otan» түркістандықтарға 52 жасанды тыныс алу аппаратын тапсырды
Бүгін Түркістан қаласында «Өмір» және «Шипа» жобалары кезекті рет жүзеге асырылды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының пандемияға қарсы жобалары аясында ауруханаларға 31 жасанды тыныс алу аппараты және 200 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қорапшалары жіберілді.
Бұған дейін де «Өмір» жобасы бойынша ауруханаларға 21 аппарат, ал «Шипа» арқылы 400 отбасына дәрі-дәрмек тапсырылған болатын. Яғни, партияның үйлестіруімен тапсырылған жасанды тыныс алу аппараттарының саны 52-ге жетіп отыр.