Әсел Назарбетова: «Абай аманаты» – Елбасының тұлғалық болмысын жаңа қырынан көрсетті

Әсел Назарбетова: «Абай аманаты» – Елбасының тұлғалық болмысын жаңа қырынан көрсетті

Әсел Назарбетова: «Абай аманаты» – Елбасының тұлғалық болмысын жаңа қырынан көрсетті
ашық дереккөзі
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы: – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын оқи отырып, Абай Құнанбайұлының кемеңгерлігі мен шығармашылығына терең бойлап, сол арқылы Елбасының тұлғалық болмысын тағы бір жаңа қырынан көруге мүмкіндік туды. Абай Құнанбайұлы қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысқан аралық тұсында қазақ халқы үшін дара туған тұлға болса, сол Абайдың даналығымен, халқына деген асқан жанашырлығы және сүйіспеншілігімен сусындап, Абай шығармаларын өмірлік бағдары ретінде ұстанып келген Нұрсұлтан Назарбаев та Қазақстанның сын сағатта тізгінін ұстаған Көшбасшысы болды. Мақалада Елбасы Абайды тануы бесіктен, анасы мен әжесінің тәрбиесінен бастау алғанын, одан кейін ел тағдырына қатысты әрбір маңызды, жауапты шешімдердің Ұлы Абайдың қағидаларын басшылыққа ала отырып қабылданғандығымен бөлісті. Елдікті аңсаған, бірлікті көксеген данышпан Абайдың аманатын орындау бақыты Елбасының еншісінде болғанын да зор мақтанышпен жеткізген: «Абайдың осы арманының орындалғанына, Есілдің жағасында еңселі байтақ қаланың ірге теуіп, бой көтеруіне мұрындық болғаныма мың да бір шүкіршілік етемін». Абай Құнанбайұлының ел тарихындағы баға жетпес орнын, оның бай мұрасының қоғам үшін маңыздылығын, айтып кеткен нақыл сөздерінің ғасыр өтсе де өміршеңдігін терең түсінген Елбасы, тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарына қарамастан дана да дара Абайдың 150 жылдық мерейтойын халықаралық дәрежеде, ЮНЕСКО шеңберінде атап өтуге шешім қабылдап, нар тәуекелге барғанын да тағы да есімізге салып өтті. Сол мерейтойлық іс-шаралар барысында Абайды одан әрі ұлықтау, өмірбаяндық деректерін қайта жаңғырту, әдеби, философиялық және музыкалық мұрасын пайымдау, әлемдік деңгейде кеңінен таныту бағытында іргелі жұмыстар атқарылғандығы, ақын шығармаларының екі томдық академиялық жинағы, «Абай» энциклопедиясы жарық көргендігі, Абайдың өмірі мен шығармашылығын тұтас қамтитын «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі құрылғандығы мақалада баяндалған. Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдығы адамзат басына түскен күрделі кезеңге қарамастан, тиісті деңгейде республика ауқымында, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер аясында өтіп жатыр. Шаралардың мақсаты – Абай мұрасын заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығында. Айта кетерлігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар реті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан бастау алған болатын.